• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 21 Қыркүйек, 2022

Қош келдің, бірінші курс!

395 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Студенттер қатарына қабылдау» кешін өткізіп, жастар қалашығын керемет көңіл күйге бөледі. Биылғы салтанатына соны жетістіктермен келген университет QS WUR әлемдік рейтингінде 150-орынға көтерілгенін айта кеткен ләзім. Оған қоса жақында Үкімет қаулысымен ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді.

Салтанатты кешке қала әкімі Ерболат Досаев, белгілі ға­лым­дар, жазушылар, эстрада жұл­дыз­дары, блогерлер, университет оқытушылары мен студент­тер қатысты. Дәстүрлі мереке бірінші курс студенттері ше­руінен басталып, салтанатты іс-шараға жиналған 5 мың адам Ән­ұран­ды бірге орындады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев бірінші курс студенттерін айтулы күн­мен құттықтай отырып, уни­верситеттің қазіргі же­тіс­­тік­те­рі туралы баяндады. Әлем­дік рейтингтегі көш­бас­­шы оқу орын­да­рының қата­ры­на қо­сылған уни­верситетке Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ал­ғаш рет келіп, жас­тар­мен кез­десіп, университетті дамыту жөнінде бірқатар тапсырма бергені белгілі. Мемлекет бас­шы­сының қолдауымен биыл Түркияның Ыстанбұл қаласы мен Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте ҚазҰУ филиалдары ашылды. Сонымен қатар ҚазҰУ-да Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Ресейдің МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылды.

Бүгінде университетте 25 мың­ға жуық студент оқиды, олар­­дың 2,5 мыңға жуығы – әлем­нің 50 елінен келген шетел­дік студенттер. Жаңа оқу жылында ҚазҰУ-ға 7 690 студент қабылданды. Мемлекеттік грант­ты 5 156 талапкер ұтып алса, ақылы бөлімге 2 534 студент түсті. Олардың ішінде 672 Алтын белгі иегері, 619 үздік аттес­тат ие­гері, 12 ғылыми жоба жеңім­пазы, 69 халықаралық және рес­пуб­ликалық олимпиада жүлде­ге­рі бар.

ЖОО басшысы өз сөзінде уни­­верситеттегі факультеттер, ка­фед­­ралар, ғылыми-зерттеу инс­титуттары, инновациялық зертханалар мен ғылыми орталық­тар­дың барлығы толыққанды білім алуға қызмет ететінін жеткізді. «Былтырдан бері жатақханалар мен оқу корпустары күрделі жөн­деуден өтті. Бұл жұмыстар биыл да жалғасып жатыр. Алдағы уақытта жаңа жатақхана салу жос­­парда бар. Осы игілікті дұрыс пай­даланыңыздар. Ғылым­ды иге­ріп, білікті маман болы­ңыз­дар», деп студенттерге үндеу тастады ректор.

Биыл салтанатты рәсім форматы дәстүрлі кілт беруден өз­геше, жаңа технологияларды пайдалана отырып жүзеге асты. Бірінші курс студенттері сахнадан дербес QR-кодын сканерлеп, ерекше сәтке баршасы атсалысты. Салтанатты оқиға кон­церттік бағдарламаға ұласып, сахнада «Ұлытау» этно-рок-тобы, танымал әнші Гүлнұр Ора­зымбетова, MALIKA YES, «Меломен» тобы және өзге де эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.

Мерекеде ҚазҰУ-дың талант­ты, креативті жастары өз өнер­­лерін көрсетті. Химия және хи­миялық технологиялар, Био­ло­гия және биотехноло­гиялар фа­куль­тет­терінің студенттері университет ғалымдарының ғы­лы­ми жа­ңалықтарының тұсау­ке­серін өткізді. Көрер­мендер «ҚазҰУ сту­денттерінің спорттық жетіс­тік­тері» композициясын және «Чемпион» әнін қошеметпен қарсы алды, оның аясында ЖОО спортшыларына – халықаралық және ұлттық жарыстардың же­ңім­паздарына кубоктар табыс етілді. Қыздар квартеті «Қазақ, қырғыз бір туған» әнін әуелете шырқады. Сондай-ақ «Фараби қыздары», RAIM тобы да сахнада ән шырқап, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Жастар ұйымдарының коми­теті дайындаған түрлі түсті флеш­­моб мерекенің сәнін кел­тір­ді. Сту­­денттер мерекесі лазерлік шоу мен би кешіне ұласты.

 

АЛМАТЫ