• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қыркүйек, 2022

Қазақстандықтар президент сайлауында барлық кандидатқа қарсы дауыс бере алады

490 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін кезектен тыс президент сайлауында барлық кандидатқа қарсы дауыс бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барлығына қарсымын» графасы заңмен қарастырылған. Егер азамат бір кандидатты таңдамаса, оның барлығына қарсы дауыс беруге құқығы бар», деп түсіндірді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сайлау 20 қарашада өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін сайлау жарнасының мөлшері бүгінде 3 миллион теңгені құрайтынын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар