Шымкент қаласындағы жатақханалардың бірінде колледждің бірінші курс студенті қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне колледждердің бірінің жатақханасынан 1 курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігіттің кеудесіне, ал екіншісі иығына соққы тигізген. Студент жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін көз жұмған.
Қазіргі уақытта Әл-Фараби АІІБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.