• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2022

«Бекет» жаттығуы басталды

313 рет
көрсетілді

Қостанай облысында «Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды. Кешенді оқу-жаттығуға қатысушыларға ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, әртүрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау, аумақтық қорғаныстың уәкілетті органдары мен бөлімшелерінің жұмылдыру әзірлігінің жай-күйін тексеру міндеттері жүктеледі.

Бұл оқу-жаттығуға Қостанай облысының аумақтық қорғаныс құрамасында есепте тұрған әскери міндеттілер шақырылды. Оларға жауынгерлік оқудың негізгі пәндері бойынша сабақ өткізіледі.

Екі кезеңде өтетін оқу-жат­ты­­ғу­­дың белсенді фазасы 21 қыр­күйекте басталады. Мемле­кеттік органдар мен күштік ведом­ство­лардың өкілдері бес күн бойы «Бекет-2022» оқу-жаттығуының бекітілген жоспары бойынша дағ­да­рыстық жағдайды еңсерудің және сыртқы қауіп-қатер­лерге қар­сы тұрудың түрлі сцена­рийле­рін пы­сықтайды.

Оқу-жаттығу барысында облыс орталығының кейбір көшелерінде қозғалыс шектеледі. Ол жайлы жер­гілікті тұрғындарға қосымша хабар­ланады.

Соңғы жаңалықтар