ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2022 жылдың 19 қыркүйегінде «2022-2023 жылдарға арналған тұмау мен ЖРВИ бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы» Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осылайша, қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне медициналық ұйымдарды 2022 жылғы 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге дайындау тапсырылды.
Сонымен қатар,
Медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық маусым кезеңінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету; Аумақта және ғимаратта тиісті көрсеткіштері бар кіреберісте «сүзгілерді» ұйымдастыру және жабдықтау; Келушілердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлу; Мобильді бригадалардың үйде шақыруларға қызмет көрсетуі үшін жағдай жасау; Медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде + 18 °с, перзентхана блогының үй-жайларында кемінде + 22 °С температуралық режимді қамтамасыз ету шараларын өткізу міндеттеледі.Қаулы 2022 жылғы 21 қыркүйектен бастап күшіне енді.