KASE Қазақстан қор биржасындағы кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,31 теңгеге төмендеп, 479,85 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресей рублінің орташа бағамы 8,13 теңгеге дейін өсті (+0,25).
Қытай юанінің орташа бағамы төмендеп, 67,66 теңгені (-0,18) құрады.
Еуроның орташа бағамы 467,50 теңгеге (-8,99) дейін төмендеді.
Айырбастау пункттерінде долларларды 481-484,5 теңгеден, еуроны – 467-474 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 7,3-7,7 теңгені құрады.