Оқиға әл-Фараби ауданындағы Әлімқұлов көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған қыз 3-қабаттан құлап, қолының сүйегін сындырып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Балалар ауруханасында алғашқы ем көрсетілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді. Жағдайы орташа. Оқиғаның мән-жайын полиция департаменті анықтайды», делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.