• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Қыркүйек, 2022

Ресейде әскерден қашқандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

265 рет
көрсетілді

Ресей президенті Владимир Путин Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа заңда өз еркімен тұтқынға берілген әскерилерді 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Сондай-ақ мобилизация немесе соғыс уақытында әскерден қашқандарды 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілген. 

Сонымен қатар заңда мородерлік әрекет жасағандарды 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сондай-ақ, әскерилердің соғыс қимылдарына қатысудан бас тартқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі.