• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қыркүйек, 2022

Архивтің жаңа жобасы

440 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйым­дастыруымен би­ыл­ғы Балалар жылы аясында еліміздің барлық мемле­кеттік архивтерінде жүзеге асатын «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жоба бойынша елорда төрінде орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде ашық есік шарасы өтті.

Аталған іс-шараны ұйым­дастырушы Ұлттық архив директоры Сағила Нұр­ла­нова ханымның айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті бастамашы болып өткізіп отырған бұл реткі ашық есік жобасы ең әуелі өсіп келе жатқан жас буын­ды архив іс­терімен таныс­тыру және осы арқылы архивте сақталып жат­қан құн­ды құжаттарға олар­дың қы­зығушылығын ояту екен.

«Жобаның негізгі мақ­саты – өскелең ұрпақты тарихты, салт-дәстүрді зерделеуге баулу, Отанға деген патриоттық сезімін ояту, ұрпақтар сабақтастығын сақ­­тау, сондай-ақ ар­хив құ­жаттарын насихаттау және архив саласының имид­жін арттыру», дей­ді ұйым­дас­тыру­шылар.

Орайы келгенде айтып өтейік, еліміз архивтерінде мемлекеттік сақтауда 26 млн құжаттық көз жи­нақ­талса, олардың ішінде мем­лекетіміздің тарихи фак­тілері мен оқиғаларын куә­ландыратын аса құнды құ­жат­­тар бар. Атап айт­қан­­­да, өткен ғасырдың 20-30-жыл­дарындағы саяси қу­ғын-сүр­гін, ашаршылық құр­бан­дары жайлы деректер, Қазақстан Республикасы тә­уелсіздігінің қалыптасу ке­зеңіне қатысты құжаттар, т.б.

Ашық есік шарасына 500-ден астам орта мектеп оқу­шысы, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері келіп қатысып, көрме сөре­сіне қойылған құжаттық жә­ді­герлермен танысты.

Іс-шара барысында жи­налған көпшілікке архив қыз­метінің басым бағыттары та­нысты­рылып, экскурсиялар, тақы­рыптық фотоқұжаттық экспозициялар мен көрме­лерге шолу жасалды. Оның сыртында Қазақстан тарихы, ұлттық салт-дәстүрлерді білуге арналған конкурстар мен викториналар өткі­зілді. Оқушыларды ерекше қызықтырған дүние Ор­та ғасырда өмір сүрген араб сая­хатшысы Мұхамед әл-Идри­сидің картасы болды.