• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 26 Қыркүйек, 2022

Оқу-ағарту министрлігі Бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

356 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өңірлік білім басқармалары Бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылған. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер оны шешу үшін бірден білім басқармаларына жіберіледі. Бүгінде байланыс орталығына 1 200-ден астам қоңырау түскен.

«Көбінесе азаматтарды балабақшадан орын алу үшін кезекке қалай тұру керегі қызықтырады. Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жүргізеді. Сондай-ақ ең өзекті тақырыптар білім туралы құжаттарды қалпына келтіру, мектептегі тамақтандыру мәселесі, балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыруға қатысты», деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.