• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Қыркүйек, 2022

Швейцарияда әйелдердің зейнет жасы ұлғайды

316 рет
көрсетілді

Швейцарияда өткен референдумда ел тұрғындары әйелдердің зейнетке шығу жасын 64 жастан 65 жасқа дейін көтеруге дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Швейцария үкіметінің мәліметінше, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер 50, 57 пайыз дауыс жинады. Сонымен қатар швейцариялықтар зейнетақы қорларындағы қаражат тапшылығын жабу үшін қосымша құн салығын арттыруды қолдады.

«Әйелдер ерлер сияқты 65 жасқа дейін жұмыс істейді. Халық зейнетақы реформасының екі элементін мақұлдады», делінген хабарламада.

Швейцарияның экономика министрлігі мәлім еткендей, 2020 жылы әйелдер орта есеппен ерлерге қарағанда 35 пайызға аз зейнетақы алған. Дауыс беру қарсаңында жүргізілген сауалнамалар ерлердің 70 пайызы реформаны қолдайтынын көрсетті, ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш тек 42 пайызға жетті.