Жапония санкциялар тізіміне 21 ресейлік компанияны қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жаңа санкциялар қорғаныс өнеркәсібіне қатысы бар 21 ұйымға қатысты. Сондай-ақ химиялық қаруды өндіруге байланысты тауарларды жеткізуге тыйым салуды енгізеді. Шектеулер 3 қазанда күшіне енеді», деп жазылған Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің сайтында.
Экспортқа тыйым салынған ұйымдардың қатарында «Мосэлектронпроект» АҚ, «Эталон» НПО, «Энергия» АҚ, «ВО Машприборинторг» АҚ, «Информакустика» АҚ, «Салют» зауыты, А.И.Алиханов атындағы «Курчатов институты» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» теориялық және эксперименттік физика институты бар.
Бұған дейін Сыртқы істер министрі Йосимаса Хаяши өткен аптада Нью-Йоркте «Жетілік» тобының әріптестерімен кездесуінде Ресейге қарсы санкцияларды кеңейту ниеті барын мәлімдеген.