Пәкістанның Белуджистан провинциясында әскери тікұшақ апатынан алты адам қаза тапты, оның екеуі жоғары шенді офицер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пәкістан қарулы күштерінің мәліметінше, тікұшақ Харнай аймағында белгісіз себептермен құлаған.
Кейінгі 2 айда Белуджистанда осымен екінші тікұшақ апатқа ұшырап отыр. Бұған дейін 2 тамыз күні Белуджистанда генерал-лейтенант Сарфараз Әли бастаған сарбаздар мінген әскери тікұшақ апатқа ұшыраған еді.