• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 27 Қыркүйек, 2022

Салықтан жалтарып жүр

305 рет
көрсетілді

Жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің 2021 жылға есептелген мүлік салығын төлеу мерзімі 2022 жылдың 1 қазанында аяқталады. Жалпы, осы уақытқа дейін 1,7 млн меншік иесі салық міндеттемесін әлі орындамаған.

Салық заңнамасына сәйкес ал­да­­ғы салық сомалары бойынша ха­­бар­ла­­малар осы жылдың шілде айын­да меншік иелеріне жіберілген болатын. Бұдан басқа, «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасын пайдаланушыларына PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді. 2021 жыл үшін мүлік салығы 3,8 млн салық төлеуші бойынша жалпы сомасы 14,3 млрд тең­геге есептелген. Дегенмен бү­гін­де шамамен 1,7 млн меншік иесі «2021 жыл» кезеңіне 5,7 млрд теңге со­масына мүлік салығын төлемепті. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады.

Төленбеген салық сомалары бо­­йын­ша Алматы қаласының тұр­­ғын­дары көш бастап тұр (1 379 млн теңге), екінші орында – Шымкент қаласы (1 194 млн теңге), ан­тирейтингтің үш­тігінде – Астана қаласы (1 094 млн теңге).

«Осыған байланысты, Мемле­кет­тік кірістер комитеті 2022 жыл­дың 2 қазанынан бастап жеке тұлға­лар­дың салық берешегі туралы хабар­ламаларды борышкерлерге жібе­ре­тінін еске салады. 1 айлық есептік көрсеткіштен астам берешек сома­лары бойынша хабарлама табыс етіл­ген соң отыз жұмыс күнінен кейін бе­ре­шекті мәжбүрлеп өндіріп алу тура­лы салық бұйрығы жіберіледі. Бұл салық бұйрығы 5 жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін беріледі», делінген ведомство хабарламасында.

Бұл ретте жеке сот орындаушы­лары берешек сомасынан басқа шот­­тарға тыйым салу және шығу­ға шектеу қоюдан туындаған қолай­сыз­дықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша төлемді өндіріп алады. Сондықтан артық шығындар мен проблемаларды болдырмау үшін мүлік салығын уақтылы төлеген абзал.

Салықты e-Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мо­биль­ді қосымшалары, «Элек­трон­дық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімше­ле­­ріндегі немесе төлем терминал­дарындағы қолма-қол ақша қара­жа­ты­мен, сон­дай-ақ банкоматтар мен төлем тер­ми­налдарындағы банк карталары ар­қылы төлеуге болады.