• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 27 Қыркүйек, 2022

Жетінші финалында жол берді

132 рет
көрсетілді

Теннистен Қазақстанның бірінші, әлем­нің 44-ракеткасы Александр Буб­лик Францияның Метц қаласында өткен ATP 250 турнирінің финалында же­ңіліп қалды.

Жерлесіміз халықаралық турнирдің финалында рейтингте өзінен әлдеқайда төмен орналасқан (65-орын) италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасты. Бірінші партияда таразы басы әр сет сайын теңселіп тұр­ғанымен, тай-брейкте Л.Сонегоның жолы болды – 7:6 (7:3). Екінші сетте қар­қы­нын арттырған италиялық теннисші айқын басым­дықпен жеңіске жетті – 6:2.

Екі сағатқа жуық жалғасқан кездесуде А.Бублик 7 эйс жасағанымен, 3 брейк-пойнтын пайдалана алмады. Қарсыласы 6 эйс­пен бірге 2 брейкке қол жеткізді. Осы­лайша, Бублик ATP жарыстарындағы жетін­ші финалында жеңіліп қалды. Ол биыл бір турнирде ғана жеңіске жетті. Жыл басында Монпельеде өткен турнирде бас жүлдені олжалаған болатын.

Александр Бублик финалдағы жеңілісіне қарамастан, күні кеше жаңарған әлемдік рейтингте 44-орыннан 41-орынға жоғарылады.