• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қыркүйек, 2022

ТОП-10 елдің қатарында

224 рет
көрсетілді

Аустралияның Вуллонгонг қаласында тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды. Бәсекенің соңғы күнін ересектер 266,9 шақырымдық жарыспен қорытындылады.

Бұл сында бельгиялық Ремко Эвенепул алдына жан салмады. Ұлттық құрама көш­басшысы Алексей Луценко мәреге 35 шақы­рым қалғанда негізгі топтан қара үзіп, Ремко Эве­непулдың соңына түскен еді. Алайда соңғы сәтте оларды пелетон қуып жетіп, Алек­­сей мәреге небәрі 24-ші болып жетті. Ол же­­ңім­паздан 2 минут 21 секунд қалып қойды. Қа­­зақ­стан құрамасының өзге өкілдері Вадим Прон­­ский мен Юрий Ната­ров мәреге жете алмады.

Биылғы додада қазақстандық велошабандоздар 1 алтын медаль олжалап, жалпы­командалық есепте Жаңа Зеландиямен бірге 8-орынды бөлісті. Жалғыз жүлдені 23 жасқа дейінгі велоспортшылар арасындағы сында Евгений Федоров жеңіп алды. Ақтөбенің тумасы 170 шақырымды 3 сағат 57 минут

8 секундта басып өтіп, ешкімге дес бермеген еді. Аустралиядағы әлем чемпионатында 13 мемлекеттің қоржынына жүлде түсті.