• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Қыркүйек, 2022

Бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауады

496 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 27-29 қыркүйекте елімізде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«27 қыркүйекте суық антициклон шығыс бағытта белсенді қозғалатын солтүстік-батыс циклонның артына таралады. Оның келуімен республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбырдың қарға, көктайғаққа, тұманға көшуі және ауа температурасының минус мәндеріне дейін төмендеуі күтілуде. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады», делінген хабарламада.

Болжам бойынша, еліміздің солтүстік аймақтарында термометрлердің түнгі көрсеткіштері -1-ден -6°C-қа дейін төмендейді, күндіз ауа +1-ден +6°C-қа дейін аздап қызады, республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз термометр бағандары +15-тен +23°C-қа дейін көтеріледі.