• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қыркүйек, 2022

Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқығын қорғайтын уәкіл пайда болады

386 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі Уәкіл институтын құру туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі Уәкіл институтын құру туралы» өкім жобасы ҚР Президентінің қарауына енгізілсін», делінген құжатта.

Сондай-ақ Президент өкімінің жобасы да әзірленді. Онда халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі Уәкіл институты өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады делінген.

«Уәкілдің негізгі мақсаты - халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ бұзылған жағдайларда олардың құқықтарын қалпына келтіру», делінген Мемлекет басшысы өкімінің жобасында.

Құжаттар 30 қыркүйекке дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.