• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Қыркүйек, 2022

Алматы – Өскемен тас жолының бойында өрт шықты

296 рет
көрсетілді

Желіде біршама үлкен аумақты қамтыған қара түтіннің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының ТЖ департаментіне Іле ауданы, Алматы-Өскемен тас жолының бойында ағаштың өртеніп жатқаны туралы хабарлама сағат 12:52-де түскен. Өтеген батыр ауылының No8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аталған жерге аттанды. Бір техника тартылды.

«Үш гектар аумақта ағаш өртенді. Өрт 14:30-да сөндірілді», деп нақтылады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.