• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қыркүйек, 2022

Көліктер QR-код тағады

350 рет
көрсетілді

Енді қазақстандық авто­көліктердің нөмірлік белгі­ле­рінде арнайы QR-код болуға тиіс. Сол арқылы нө­­­мір­лік белгінің жалған-шы­ны тексеріледі. Бұл туралы Қазақстан стандарттау және метрология институты хабарлады.

Биыл елімізде 1 қыр­күйек­тен бастап ҚР СТ 986-2022 ұлт­тық стандарты қолданысқа енгізілді. Он­да жалғандықтан қорғау үшін қажетті арнайы және қо­сымша элементтері болуға тиіс нөмірлік бел­гілер мен оған арналған блан­­кілерге қойылатын та­лаптар жазылған. Ішкі істер министрлігінің «Ақ­па­­раттық-өндірістік орта­лы­­ғы» дайындаған стандарт мем­лекеттік тіркеу белгі­ле­рін­­дегі қаріптерге, сандарға және қор­ғау элементтеріне қо­йы­латын тех­никалық талаптар­ды біріз­дендіруді қам­тамасыз етеді.

Мамандардың айтуынша, полиция қызметкерлері нөмірлердің түпнұсқа екенін тексере алатын бірегей DMC-кодтарын қол­дану қосымша қауіпсіздік эле­менттеріне жат­қызылған. Ар­найы қор­ғаныс элементтерін нө­мірдің бе­тінен химиялық жолмен немесе физикалық әсер ету ар­қылы алып тастауға болмайды және ол нөмірде сақ­талуға тиіс.

Айта кетейік, мұндай арнайы стандартты енгізу өнім өндіру бағасының өзгеруіне, сон­дай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығын­дарға әкеп соқ­пайды.