• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2022

Заң бұзған жазаланады

283 рет
көрсетілді

Астана қаласының баспасөз орта­лығында шетел азамат­та­рының келуіне және кетуіне бай­ланысты шаһардағы көші-қон жағдайының жай-жапсары тал­қыланды.

Астана қаласының полиция де­пар­­таменті көші-қон қызметі бас­қар­­масының басшысы Арман Баймұхамбеттің мә­ліметінше, жыл ба­­сынан бері елор­дада 29 мыңнан аса шетел азаматы тіркелген.

– Оның 4 мыңы – Ресей азаматы. Осы уақытқа дейін көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 5 мыңнан аса шетел азаматы жауап­кер­­ші­лік­ке тартылып, 867 адам ел­­ден шы­ғарылды. Шетелдіктерді ша­қырып, олардың елде болу талаптарына немқұрайды қараған, яғни тиісті ережелерді сақтамаған 1083 адам әкімшілік жауапкершілікке тар­тылды. Шетелдік азаматтарды жұ­­мысқа тартып, жұмысқа пайдала­ну ережелерін бұзғаны үшін 93 жұмыс беруші анықталды. Тіркеу және құжаттандыру ережелерін бұз­ғаны үшін 2 866 азамат әкім­шілік жауапкершілікке тартылды. Шетел азаматтарының ел ше­ка­расына енуі туралы ақпарат мін­детті түрде құқық қорғау органда­рына хабарлануға тиіс, – деді А.Баймұхамбет.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КеАҚ Астана қаласы бойынша филиалы ди­ректорының орынбасары Динара Қуанышеваның айтуынша, шетел азаматтары тарапынан өтініштің көп түсуіне байланысты Сауран көшесі, 7 мекенжайы, «Нұрлы жол» вокзалының ғима­ра­тында көші-қон қызметін ұсы­на­тын қосымша секторлар іске қосылған.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скубтың мәлім­деуінше, босқын мәртебесін алу үшін 96 адам өтініш білдірген. Оның екеуі – Ресей азаматы. Өтінішті қарастыру 3 айға созылады. «Бүгінде порталда 6 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Әзірге жұмыс сұраған Ресей азамтары жоқ», дейді И.Скуб.