Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Парма (Италия) WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші чехиялық Джесика Малечковамен бірге алғашқы айналымда ұлыбританиялық Эмили Эпплтон – америкалық Куинн Глисонмен шеберлік байқасты. Қазақстандық-чехиялық жұп қарсыластарын 6:1, 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты.
Енді олар жартылай финалға шығу үшін ресейлік Ангелина Габуева мен Анастасия Захарова немесе чехиялықтар Анастасия Детюк – Мириам Колодзиэёва жұптарының жеңгенімен кездеседі.