• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қыркүйек, 2022

Қазақстанның қоғамдық ұйымдары контрафактілік өнімдермен күресті бастады

139 рет
көрсетілді

Еліміздегі «Адам денсаулығына қауіп факторларының зияндылығын азайту жөніндегі ұлттық қауымдастығы – «Денсаулық» ЗТБ контрафактілік тауарлардың кіруіне қарсылық білдіріп, қоғамдық-коммуникациялық акцияға мұрындық болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл бастамаға «Қазақстан тұтынушылар лигасы» Қауымдастығы» ЗТБ мен BMF Analytics, Bisam агенттігі де қосылды.

Енді осы жобаның аясында Қазақстанның 10 қаласында халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз, контрафактілік және реттелінбеген өнімдердің айналымына жол бермеу мақсатында зерттеулер мен мониторингтер жүргізілмек.

«Қазақстан тұтынушылар лигасы» Қауымдастығы» ЗТБ мәліметтеріне сүйенсек, алдын ала болжамдарға сәйкес, контрафактілік өнімдер тек бір ғана Алматы қаласының өзінде 20-30%-ға өскен. Сол сияқты 2022 жылдың қыркүйегінде Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облыстық  департаменті Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, Ақмола және Солтүстік Қазақстан аумағында өткізу мақсатында қомақты көлемде алкоголь өнімін тасымалдау және сақтау  заңсыз әрекеттерінің жолын кескен. Ал Көкшетау және Петропавл қалаларында жалпы сомасы 18,5 миллион теңгеден асатын жалпы көлемі 9,5 тонна спирті бар сұйықтық табылып, тәркіленді.

Өкінішке қарай, қазіргі уақытта көтерме және бөлшек сауда базарлары, әлеуметтік желілер мен интернет-дүкендер контрафактілік өнімдерді сатудың басты арнасы болып тұр. Заңсыз өнімдерге деген сұранысты халық табысының төмендегі мен контрафактілік тауарлардың арзандығынан туындап жатқанын жоққа шығармау қажет.

Жаңа бастама туралы «Адам денсаулығына қауіп факторларының зияндылығын азайту жөніндегі ұлттық қауымдастығы – «Денсаулық» басшысы ЗТБ Бақыт Түменова: «Сапалы және денсаулыққа пайдалы өнімдерді таңдауда халықты ақпараттандыру маңызды рөл атқарады. Мұндай жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары мен заманауи коммуникация құралдары маңызды рөл атқара алады. Сондықтан өткен жылдың соңында заңсыз және реттелмейтін өнімдермен күресуге мүдделі серіктестерді талқылауға қатысуға шақыру мақсатында біздің Қауымдастықтың базасында ашық алаң құруды ұсындық. Біздің ұсынысымызға үздік қазақстандық сарапшылар үн қатқандықтан, бүгінде біз Қазақстан нарығын жайлаған контрафактілік өнімдермен күресу жөніндегі қоғамдық-коммуникациялық компанияның басталғаны туралы қуана хабарлаймыз. Осы мәселеге мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың назарын аудару мақсатында контрафактілік тауарлар нарығына зерттеулер мен мониторингтер жасай отырып, халық арасында сауалнама жүргізу, баспасөз шараларын, дөңгелек үстелдер мен брифингтер өткізуді жоспарлап отырмыз», деген мәлімдеме жасады.