• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2022

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша комиссия құрылды - ОСК

203 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауына кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтау жөніндегі комиссия құру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді жетік білуі Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабына сәйкес лингвистикалық комиссияның шешімімен айқындалады. Осы мәселе бойынша ОСК-ның құзыреті «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабының 2-тармағында көрсетілген. Атап айтқанда, осы бапқа сәйкес, Конститутцияның 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы Конституциялық кеңестің шешімі бойынша мемлекеттік тілді білудегі кандидаттың біліктілігін анықтау Орталық сайлау комиссиясының шешімімен айқындалады. ҚР Конституциясының 41-бабы 2-тармағын ресми түсіндіру туралы Конституциялық кеңестің 1998 жылғы 9 қазандағы №280 қаулысына сәйкес, ҚР Конституциясының 41-бабы 2-тармағы нормасының мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген бөлігінде «қазақ тілінде сауатты түрде оқиды, жазады, өз ойын қиналмай оңай жеткізеді және көпшілік алдында сөйлей алады», деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман ОСК отырысында.

Баяндамашы сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтау ОСК қаулысына сәйкес құрамында кемінде 5 адамнан тұратын мамандар бар лингвистикалық комиссияның қорытындысымен айқындалатынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін белгілеу тәртібі туралы ОСК-ның 2005 жылғы 31 тамыздағы No 12/26 арнайы қаулысы бар. Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі 2 беттен аспайтын жазбаша тапсырма орындайды. Екінші тапсырма бойынша,  лингвистикалық комиссия ұсынған 3 беттен аспайтын мәтінді оқиды. Үшіншіден лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша 15 минуттан кем емес уақыт ішінде көпшілік алдында сөз сөйлейді», деп қосты Мұхтар Ерман.