Сарапшылардың деректеріне сәйкес, бір жыл ішінде Қазақстанда ұн 41%-ға қымбаттады. Сонымен қатар 2022 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша ұн бағасы бір айда 4,3%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ Energyprom зерттеуінде айтылғандай, 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында ұн бағасының өсуі бойынша рекорд тіркелді. Олар тиісінше 7,5% және 6,8%-ды құрады.
Сарапшылар ұн бағасының ең жоғары өсімі Павлодар облысында (12,8%-ға) тіркелгенін нақтылап отыр. Сондай-ақ бұл тізімде Жетісу (12,4%-ға) және Батыс Қазақстан (11,9%-ға) облыстары бар.
«Сонымен қатар ұн Ақмола (0,3%-ға), Ақтөбе (0,6%-ға) және Солтүстік Қазақстан (0,8%-ға) облыстарында қымбаттады», делінген хабарламада.
Зерттеуде жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі нарығында ұнды сату 21%-ға төмендегені айтылған.