• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Қыркүйек, 2022

Партияның жаңа саяси тұғырнамасы

435 рет
көрсетілді

Amanat партиясы­ның ел аумағындағы 4 мың­нан астам бас­тауыш партия ұйымының (БПҰ)мүшелері пар­тияның жаңа Саяси тұғырнамасының жобасын талқылап жатыр. Сондай-ақ БПҰ отырыстарында пар­тия­ның аумақтық филиал­дарының конференцияларына қатысатын делегаттар сайланады.

Алматыдағы №4 қалалық пер­зентхананың акушері Тамара Хван «Денсаулық» бастауыш партия ұйы­мының жиналысында сөз сөйлеп, отбасының әл-ауқаты мен ұлт саулығы сынды бағыттардың маңыздылығын атап өтті.

«Партиялықтар өздерінің бағдар­ламалық құжаттары мен бастамаларында денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру мәселесін үнемі назарға алып отырады. Осылайша, олар азаматтарымызға іс жүзінде қамқорлық көрсетіп келеді», деп атап өтті Т.Хван.

Өз кезегінде, «Қызылорда магис­тралдық желі бөлімшесі» бастауыш партия ұйымының мүшесі Сабыр Бимұхамедов жаңа бағдарламалық құ­жат партиялықтардың басым көпшілігінің көзқарасы мен пікірін біріктіретінін атап өтті.

«Барлық өңірден ұсы­ныс жинау және әлеуметтік сауалдама жүргізу арқылы партиялықтардың құжатқа қатысты пікірін білдіруіне мүмкіндік берілді. Жал­пы, Amanat еліміздің басты саяси күші бола отырып, әрбір аза­ма­т­тың мүдде­сін қор­ғауды жалғастырып жатқаны қуантады», деді С.Бимұхамедов.

Павлодарда БПҰ мүше­лері қалалық трамвай басқар­масы базасында облыс­тық мәс­лихаттағы партия депу­таттарымен бірге жаңа Тұғыр­наманың негізгі басымдығы азаматтардың әл-ауқатына бағытталғанын атап өтті.

«Том-том құжатты зерттеп отыратын уақытымыз жоқ. Біз үшін қарапайымдылық пен қолжетімділік маңызды. Ал жаңа Саяси тұғырнаманың жобасы осы қағидаттарға сай келеді. Партия жұмысында адам мен оның әл-ауқатына негізгі басымдық беріле­тіні біз үшін өте маңызды», деді Д.Махмұдов атындағы трамвай депосының қызметкері Сайлаубек Асыханов.

Облыстық мәслихаттағы Amanat фракциясының мүшесі Серік Жартыбаев жаңа құжат қатардағы партия­лықтардың мыңдаған пікірін қамтитынын атап өтті.

«Жергілікті ақпараттық технологиялар колледжінің директоры ретінде, осы Тұғыр­намада балаларымыздың мектепке дейінгі тәрбиесінен бастап, барлық деңгейдегі білім беру саласына ерекше назар аударылғаны маңызды. Amanat партиясының бүкіл саяси платформасы Әді­летті Қазақстанды құруға бағыт­талған», деді С.Жартыбаев.

Қарағанды облысын­дағы «Мем­лекеттік мұрағат» БПҰ жетекшісі Елена Черная жаңа тұғырнама – зама­науи талап­тарға жауап беретін Amanat партиясының басты идеоло­гиялық құжаты екенін атап өтті.

«Тұғырнама болашақтағы бағыт пен даму бағдарларын, қағидаларын қамтиды. Ол бізді Әділетті Қазақстанды құруға тағы бір қадам жақындатады», деді Е.Черная.

БПҰ жиындарының қоры­тын­дысы бойынша пар­тия­ның аумақтық филиалдары­ның конференцияларына қаты­­су үшін делегаттар сайланды.

Еске сала кетейік, 6 қазанда Астана қаласында Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтеді. Съезд жұмы­сына еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысады.