• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2014

Әлеуметтік жауапкершілік жолында

383 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2014 жылғы 21 мамырда VII Астана экономикалық форумы аясында «Әлеуметтік әріптестік. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және лайықты еңбекті кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілікті бөлу» атты панельді сессиясын өткізеді. Панельді сессия жұмысына Премьер-Ми­нистрдің орынбасары Г.Әбді­халықова, Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүй­сенова, Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің депутаттары қатысады. Сонымен бірге, бұл шараға бірқатар халықаралық ұйым­дардың өкілдері шақырылған. Атап айтқанда, олардың ішінде Әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық қоғамдастығының бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін лайықты еңбек мәселелері бойынша техникалық қолдау топтарының және ХЕҰ бюросының директоры Димитрина Димитрова, «Ортақ игілік үшін – жаhандану бастамасы» ҮЕҰ негізін қалаушы, доктор Камран Мофид, Ресей-Сингапур іскерлік форумының атқарушы директоры Майкл Тэй, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін ХЕҰ бюросының және лайықты еңбек мәселелері жөніндегі техникалық қолдау тобының халықаралық еңбек нормалары жөніндегі бас маманы Алан Пельсе, Женева, Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін ХЕҰ Бюросының бас кеңесшісі Франс Ауэр, Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Михаил Кирсанов және басқалар бар. Панельді сессия күн тәртібінде мына негізгі тақырыптарды: - нәтижелі жұмыспен қамтуға және лайықты еңбекке қол жеткізу мақсатында әлеуметтік әріптестердің бірігуі Қа­зақ­станның әлеуметтік-экономикалық қар­қынды дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты; - дағдарыс кезеңіндегі жастар жұ­мыс­сыздығы проблемалары; - ұлттық біліктілік жүйесін қа­лып­тастыру; - еңбек тәжірибесі және кадрларды даярлау саласында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру; - жаhандану жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақ­тандыру мәселелерін қарау жоспарланған. Сессия барысында әлеуметтік әріп­тестік (Үкімет, қызметкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктері) шеңберінде тараптардың жауапкершілігіне қарай экономикалық өсуге ықпал ететін шараларды қабылдау және еңбекті қорғау саласындағы іргелес құқық қағидаттарын сақтау жағдайында нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар ұсынымдар беріледі деп күтілуде. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».