• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Медицина 30 Қыркүйек, 2022

Медициналық ұйымдардың кемшілігі

502 рет
көрсетілді

Медициналық сақтандыру қорының негізгі басымдықтарының бірі – пациент құқығын қорғау. Осыған орай кері байланыс құралдары арқылы түсетін шағым-өтініштер ерекше бақылауда болады. Сондай-ақ халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалы 2022 жылдың 6 айында жүргізілген мониторинг аясында көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін тексере отырып, 31 мыңға жуық кемшілік анықтады.

Қор сарапшылары мониторингті қалай жүргізеді және медициналық көмек сапасын мониторингтеу қорытындысы бойынша не анықталды? Медициналық ұйымдар көбінесе қандай кемшіліктерге жол береді? «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қо­ры» КеАҚ елорда филиалы баспасөз қыз­ме­тінің хабарлауынша, тұрғындар көбіне медициналық қызмет сапасына, қызметтерді көп күту жағдайларына, консультативтік-диагностикалық қызметтердің қолже­тім­сіз­дігіне (құрал-жабдықтардың бол­мауы, кезекті көп күту, жолдама бермеу, кадр же­тіс­пеу), медициналық көмек көр­се­туден, ауруханаға жатқызудан бас тарту, т.б. ша­ғымданады. Олардың көпшілігі, тұр­ғын­дар­ға медициналық көмек көрсетуді дұрыс ұйымдастыруға қатысты, яғни сол жерде ме­дицина ұйымдарында шешімін табуы тиіс мәселелер.

Процестерді цифрландыру адам фак­торы­ның ықпалын барынша азайтады, жұмысын дұрыс атқармайтын қызмет жеткізушілердің жалған жазба толтырып, көзбояушылық жасауына мүмкіндік бере қоймайды. Өйткені IT құралдарын қолдану медициналық ұйым тарапынан әрбір қадамды, пациентке қатысты әрбір әрекетті қағаз бетіне шықпай-ақ электронды форматта қадағалауға мүмкіндік бе­ре­ді. Енгізілген ақпараттың дұрыстығын тек­се­ретін форматты-логикалық бақылаулар Қор сарапшыларына көмекке келеді. Орын ал­ған кемшіліктер сарапшылар тарапынан рас­тал­ған­нан кейін (немесе қабылданбағаннан кейін) ғана медициналық ұйымдарға ақы төленеді.

Бүгінде қор медициналық көмектің сапасын бағалау мониторингінің әр түрін, қажет болса медициналық ұйымдарға бара отырып, ағымдағы немесе жоспарлы, мақсатты, про­активті және жоспардан тыс мониторинг жүргізеді. Назар аударатын дүние, жоспардан тыс мониторинг кері байланыстың ресми арналары арқылы пациенттердің өздерінен түскен шағымдар мен өтініштер негізінде ғана жүргізіледі. Әрбір осындай сұрауды қор сарапшылары пациенттің тарихын толық талдай отырып және оған ұсынылатын медициналық көмектің сапасын бағалай отырып, жеке тәртіппен қа­рап, пысықтайды. Егер шағым негізділігі дәлелденсе және медициналық ұйым тарапынан бұрмалаушылықтар анықталса, қор экономикалық ықпал ету шараларын қолданады.

Астана қаласы бойынша 2022 жылдың 6 айын­да көрсетілген медициналық қызмет сапасы мен көлеміне жүргізілген түрлі мониторингтер аясында 30 938 кемшілік (дефект) анықталып, 778 млн 861 мың теңге алынды. Оның ішінде, тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) аясында 429 млн 570 мың теңге сомасына 3 980 кемшілік анықталды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 349 млн 291 мың теңге сомасына 26 796 кемшілік анықталды.

Сондай-ақ қордың Астана қаласы бойынша филиалының медициналық қызмет сапасы мен көлемін мониторингілеу бөлімі жоспардан тыс мониторинг бойынша 106 қорытынды жасады, оның 17-сі негізді шағым екені дәлелденді. Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде алынған сома 7 млн 379 мың теңгені құрады.

Ақпараттық жүйелерден алынған мәлі­мет­тер бойынша, жоспарлы емдеуге жат­қызуды күту мерзімі бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға өскені байқалады.

Өткен жылмен салыстырғанда, 2022 жылы ота жасау көрсеткіші 9,8%-ға өсті. Тек жоғары технологиялық медициналық кө­мек қолдану арқылы МӘМС бойынша 10,2 млрд теңге сомасына қосымша 3 888 қызмет көрсетілді. Кардиология бойынша 1 218 пациент емделген, кардиохирургиялық операция 649 пациентке жасалса (қан айналымы жүйесі аурулары – 1 060), 223 адамға нейрохирургиялық операция, 92 пациентке ортопедиялық, несеп-жыныс жүйесі аурулары – 977, ал 217 пациентке ас қорыту сырқаттары бойынша операция жасалды.

Барлығы 28 972 пациентке ем жүргізілген, оның ішінде бір жасқа дейінгі балалар – 7 453, 1-14 жастағы балалар – 19 622, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 1 697. 172 балаға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіп, стационарда емделді.

0-28 күндік 3 194 нәрестеге 1 млрд 414 мың теңге сомасына медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 171 балаға 241 млн 591 мың теңге сомасына, оның ішінде 24 балаға 68 млн 125 мың теңге сомасына жоғары технологиялық медициналық көмек арқылы жүрекке операция жасалып, оңалтудың бірінші сатысынан өткен. 17 балаға арнайы медициналық көмек арқылы 31 млн 725 мың теңге сомасына операция жасалды.

«Біздің сарапшылар медициналық қыз­мет­тің қолжетімді болуы және сапасының жақ­­саруы үшін, яғни пациент құқығы сақ­талуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді. Қор­мен ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасай отырып, медициналық ұйым халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және оның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өзіне алады. Жет­кізу­шіге қойы­латын бұл талаптар шартта жеке тармақ­пен белгіленген және олардың орын­далуы қор тарапынан бақыланады», деп атап өтті Медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының директоры Н.Қабдықапаров.