Астанада Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында президенттік сынаманы тапсыруға арналған жарыстар басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл сынның бірінші кезеңі 17-18 мамыр күндері өтсе, екіншісі 24-25 мамырда өтеді. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, оған 9 мемлекеттік органның және 5 агенттікке бағынышты кәсіпорын, мекемелердің 470-ке жуық қызметкері қатысуда.
-Президенттік сынама тапсыру ерікті түрде өткізіледі. Оның басты мақсаты халықтың бойында саламатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтардың дене дайындығын анықтау,- дейді С.Құранбек.
Осы сынның бірінші кезеңінде 60, 100, 500, 1000, 2000, 3000 метрге жүгіру, мен ұзындыққа секіруден жарыстар өтсе, екінші кезеңде пневматикалық винтовкадан ату, турникке тартылу мен жүзуден сайыстар өтеді.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі.
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі.