• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қыркүйек, 2022

Биыл Абай облысына 197 миллиард теңге инвестиция тартылды

394 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері аймаққа 197 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Абай облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Соңғы жылдары Абай өңірінің экономикалық көрсеткіштері біршама жақсарды. Былтыр облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 750 миллиард теңгеге жуықтады. Жыл басынан бері аймаққа 197 миллиард теңге инвестиция тартылды. Жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты мүмкіндік жасау қажет», деді Президент.

Сондай-ақ ол бәсекеге қабілетті, ашық нарық қалыптастыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу аймақ басшылығының басты міндеті екенін айтты.