• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Президент 30 Қыркүйек, 2022

Ұлттық жаңғырудың жаңа белесіне қадам басуымыз керек - Мемлекет басшысы

191 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Семей өткен ғасырдың басында қазақтың рухани астанасы саналған. Абай бастап, Алаш арыстары жалғаған ұлы жол ұлтымызды есейтіп, мүлде жаңа деңгейге көтерді. Олар қазақтың болашағы қандай болуы керектігін айқындап берді.Біз алыптарымыздың іргелі идеяларын ұстана отырып, ұлттық жаңғырудың жаңа белесіне қадам басуымыз керек», деді Қ.Тоқаев.

Бұдан соң, ол Абай атап көрсеткен бес асыл қасиет біздің бүгінгі мақсатымызбен толық үндесетінін айтты.

«Ұлы Абай «Толық адам» деген ұғымды қазақ қоғамына ұсынған еді. Толық адам, меніңше, бұл – болмысы кемел, көзқарасы терең, көкірегі ояу, еңбекшіл адам деген сөз. Өздеріңізге мәлім, мен қоғамда жаңа құндылықтар орнықтыру қажеттігі жөнінде үнемі айтып жүремін», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар