• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қыркүйек, 2022

Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды

129 рет
көрсетілді

Үкімет қаулысымен Әсел Жантасова басқа қызметке ауысуына байланысты Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әсел Жантасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Кембридж университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «ENRC Kazakhstan» өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастады.

2016-2017 жылдары «Зерде» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2018-2020 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры болды.

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі болды.