Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиевке қатысты ірі көлемде (110 мың доллар) пара бопсалау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында министрдің шетелдік студенттерден отандық жоғары оқу орындарына қабылдау үшін ірі көлемде пара бопсалағаны анықталды. Кейін жоғары оқу орындарына түсу мәселесін шешуге уәде бергені белгілі болды. Осы мәселелерді шешу үшін 100 мың доллар көлемінде ақша бопсалаған.
Тергеу барысында оның бірінші рет жоғарыда аталған соманы осы жылдың 28 тамызында алғаны анықталды. Біраз уақыттан кейін мәселе әлі түпкілікті шешілмегендіктен, оған қайтадан жүгінді. Бұл жолы 10 мың доллар көлемінде ақша бопсалаған. 2022 жылдың 28 қыркүйегінде ол көрсетілген соманы ($10 000) пара алу кезінде Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен ұсталды.
Одан әрі тергеу барысында министр шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына түсіргені үшін 110 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны анықталды. Тергеу барысында ол бұрын пара түрінде алған 37 мың 500 АҚШ долларын қайтарған. Қалған ақшаны тезірек қайтаруға уәде берді.
Бұл факті бойынша толық және объективті тергеу жүргізілетін болады.
Бұған дейін Қырғызстанның білім министрі 110 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарланған едік.