• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Қазан, 2022

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

227 рет
көрсетілді

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында 1-3 градус үсік жүреді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 аяз, күндіз 4-6 жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 10-12 жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 жылы.