• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мультимедиа 01 Қазан, 2022

Ажар Ғиният Қазақ республикалық лепрозорийдің жұмысымен танысты

224 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында 75 төсек-орынға есептелген Қазақ республикалық лепрозорийдің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде мұнда алапеспен ауыратын 50 науқас емделуде. Министр ауыр жұқпалы ауруды емдеу әдістерін жетілдіру, науқастарды әлеуметтік оңалту мәселелеріне қызығушылық танытты.

Лепрозорий ұжымында 12 дәрігер, 36 орта буын медицина қызметкері, барлығы 185 қызметкер бар.

Алапес Қазақстанда халық денсаулығының проблемасы болып табылмайды. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бізде 381 науқас тіркелді. Бірақ соңғы он жылда елде бұл дерттің бес жағдайы жаңадан, ал тағы бесеуі қайталанумен анықталды. Жекелеген эндемиялық өңірлерде науқастардың жеткілікті саны шоғырланған (барлық санның 80 пайызы). Сондықтан бұл қиын инфекцияны толығымен жою туралы айту әлі ерте.

Мамандандырылған мекемедегі науқастарға зертханалық диагностика, физиотерапия, оңалту, массаж сияқты барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, дәріхана бар.

Алапес (Ханзен ауруы, ескірген атауы – алапес)-терінің, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарының, перифериялық жүйке жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының және ішкі ағзалардың әртүрлі клиникалық көріністерімен сипатталатын алапес микобактериялары тудыратын адамның созылмалы жұқпалы ауруы. Кеш диагноз қойылған және уақтылы емделмеген жағдайда ауру ауыр мүгедектікке әкеледі.