Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Астана Тазалық» компаниясын 14-жылдығымен құттықтап, қызметкерлерін жағымды жаңалықпен қуантты, деп хабарлайды Egemen.kz қала басшысының Instagram парақшасына сілтеме жасап.
«Астана Тазалық» қызметкерлерін компанияның 14 жылдығымен құттықтадым. Біздің коммуналдық қызметтер күндіз де, түнде де, кез-келген ауа-райында жұмысын тоқтатпайды. Олардың қажырлы және жауапты жұмысының арқасында қалада тәртіп пен тазалық сақталады. Коммуналдық қызметкерлер қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істейді», деп жазды Астана әкімі.
Әкім компания қызметкерлері үшін қолайлы жағдайды жақсарту бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті. Мәселен, үш жыл ішінде 300-ден астам арнайы техника мен жабдықтар сатып алынды, осылайша елордалық автопарк айтарлықтай жаңарып, кеңейтілді.
«Жүйелі негізде жалақыны арттырамыз. Мысалы, осы жылдың қараша айынан бастап жол жұмысшылары мен жүргізушілердің жалақысын 20%-ға арттырамыз (бұрын жалақы басқа санаттар үшін де көтерілген). Сыйақылар, соның ішінде мереке күндеріне енгізілді. Бірақ бұл да жеткіліксіз. Біз жағдай жасау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, соның ішінде коммуналдық қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтереміз», делінген әкім хабарламасында.
Кездесу соңында Алтай Көлгінов компания қызметкерлін құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғысын айтты.
«Біздің коммуналдық қызметкерлерге алғысымды білдіремін! Біз сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз», деді әкім.