• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қыркүйек, 2022

Табиғи өрт салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

207 рет
көрсетілді

Биылғы күздің алғашқы айы ауыр сынақтан басталды. Қыркүйек басынан бастап бірқатар аймақтарда ыстық ауа-райы мен жауын-шашынның болмауына байланысты табиғи өрттер өршіді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тек қыркүйектің 2-8 жұлдызы аралығында ғана Қазақстанда 40-қа жуық табиғи өрт және 100-ге жуық жану фактілері анықталды.

Ірі өрттер Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Қостанай облыстарында тіркелді.

Елді алаңдатқан жағдай Қостанай облысының Әулиекөл ауданында қалыптасып, төрт күннің ішінде өрттің ауданы 43 000 га дейін жетті. Алапат өрттің қалың түтіні орманды жағалай орналасқан елді мекендердегі халықтың тынысын тарылтып, ауылдарға өрт жайылу қаупі төнді.

Жағдайдың ушығуына қатты желдің екпіні де ықпал етті.

Өрт басталғаннан бастап оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин бастаған ТЖМ жедел тобы ұшып барып, өртті сөндіруді басқарды, елді мекендерден 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Өкінішке орай өрт салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 12 адам зардап шекті, 91 отбасы тұрғын үйсіз қалды.

Өртті сөндіру желдің 20-23 м/с-қа дейін жеткен екпініне, өсімдіктердің тығыз өсуіне, қалың түтіннің едәуір аумақты жайлап кетуіне, кірме жолдардың болмауына және табиғи су көздерінің шалғайда орналасуына байланысты қиындады.

Жедел топтың үйлесімді іс-қимылдары мен уақтылы қабылданған шараларының арқасында 4 елді мекенге, бұл Озерное, Лесное, Аманқарағай және Бағаналы ауылдары мен Аманқарай ауылының маңындағы мұнай қоймасының жануына жол берілмеді.

Өрт орнындағы ахуалды бақылап отырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өрттің одан әрі өршу қаупіне қарамастан, Қостанай облысына барды, Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттерден зардап шеккен аумақтарды тікұшақпен аралап шықты.

Өрт болған жерде Қостанай облысындағы өрттерді жою жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бүгінгі таңда табиғи өрт салдарынан зардап шеккендерге қалпына келтіру, үй салу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Президент Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері бөлімшелерінің жеке құрамымен, сондай-ақ өрт сөндіруге жұмылдырылған еріктілермен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды жоюға қатысушылардың барлығына көрсеткен батылдығы үшін алғыс білдіріп, олардың марапаттауға ұсынылатынын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбекақысы мен әлеуметтік жағдайына да тоқталды.

«Жаңа Қазақстан – шын мәнінде әділ Қазақстан», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының кезектен тыс съезінде.

Шын мәнінде, жедел әрекет ету және төтенше жағдайлардың салдарын жою, адам өліміне жол бермеу, залалды барынша азайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бұл азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің негізгі міндеті болып табылады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Мемлекет басшысының таңдаған жолы – Жаңа Қазақстанды толық қолдайды.

 

Нұрболат ДЕРБІСОВ,

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы