• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Қазан, 2022

Индонезияда қақтығыс кезінде қаза тапқандар саны 174-ке жетті

307 рет
көрсетілді

Индонезияның Ява аралында футбол матчы кезіндегі көрермендер қақтығысынан 174 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жанжал индонезиялық Arema мен Persebaya Surabaya клубтары арасында өткен матчтан кейін пайда болды. Arema командасы 3-2 есебімен жеңіліп қалған. Бұған ашуланған олардың жанкүйерлері ойыншыларға бөтелке лақтырып, алаңға қарай жүгірген.

Осы кезде полиция көзден жас ағызатын газ қолданған. Мұның соңы дүрбелең мен төбелеске ұласқан.

Биліктің хабарлауынша, бейберекеттіктен стадионда 34 адам қайтыс болған. Ал басқалары жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген соң көз жұмған.

Шығыс Ява полициясының басшысы Нико Афинта қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін айтты. Өйткені жарақат алғандардың көбінің жағдайы ауыр.

Бұл оқиға әлем бойынша стадионда болған ең ірі қақтығыстар қатарына енді. Еске салсақ, 1996 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Гватемала мен Коста-Рика арасында өткен ойында 80-нен астам адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алған еді.

Еске сала кетсек, кеше Ява аралында өткен футбол матчында 129 адам қаза тапқанын хабарлаған едік.