• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Ғылым 03 Қазан, 2022

Швед ғалымы Нобель сыйлығының лауреаты атанды

512 рет
көрсетілді

Швед палеогенетигі Сванте Пяэбо физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Нобель комитеті оған «жойылып кеткен гомининдердің геномдары мен адам эволюциясына қатысты жаңалықтары» үшін сыйлық берді, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Комитеттің мәлімдемесіне қарағанда, Сванте Пяэбо өзінің зерттеулерінде қазіргі адамның жойылып кеткен туысы Неандерталь геномын ретке келтірген.

Неандерталь адамының ДНҚ тізбегін ашқан ғалым Алтайдағы Денисов үңгірінен алынған қазба бұрын белгісіз гоминид түрлеріне жататындығын дәлелдеді. Осылайша Денисов гоминиді туралы алғашқы деректер жарық көрді.

Ғалым сонымен қатар неандертальдықтар мен денисовандықтардың гендері қазіргі адамға берілгенін дәлелдеді. Бұл шамамен 70 мың жыл бұрын, Homo sapiens Африкадан қоныс аударғаннан кейін болды.

Сондай-ақ осы аптада физика, химия, әдебиет сыйлықтарының лауреаттары белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар