• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қазан, 2022

Сомалиде жарылыс болды

129 рет
көрсетілді

Дүйсенбі күні Сомали орталығындағы Хиран провинциясында болған үш жарылыстан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы провинция губернаторы Али Джейте Осман мәлімдеген. Оның айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқару орталығына шабуыл жасалған. 

Жанкештілер ғимараттың жанында бомба орнатылған көлікті жарып жіберген. Шабуыл құрбандарының арасында Хиршабель провинциясының денсаулық сақтау министрі мен Хиран вице-губернаторы да бар.