• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис 04 Қазан, 2022

Новак Джокович Астанаға келді

Атақты теннисші, «Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы Новак Джокович кеше Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Сербиялық теннисші Astana Open ATP 500 жарысына қатысады.

Ол жексенбі күні мәреге жеткен Тель-Авив ATP 250 додасының финалында хорватиялық Марин Чиличті 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңімпаз атанған еді.

Қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингіде жетінші орында тұрған Н.Джокович Астана жарысының төртінші ракеткасы болып тіркелген. Новак бүгін бастапқы кездесуін рейтингіде 81-сатыдағы чилилік Кристиан Гаринмен өткізеді.

Соңғы жаңалықтар