• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2022

Қазақстанға қосымша электр энергиясы қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев

275 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы әлемдік геосаяси өзгерістерге байланысты Еуропалық Одақ көмірді қолдану концепциясына қайта орала бастағаны жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Еліміздің энергетикалық балансында көмір маңызды орын алады, ол 70 пайыздан асады. Еуропалық Одақ халықаралық аренадағы геосаяси өзгерістерге байланысты көмірді қолдану концепциясына қайта орала бастады. Қазір біз көмірді пайдаланудан бас тартпаймыз. Бірақ электр станциясы жұмысының нәтижесінде атмосфераға бөлінетін көмір массасының шығарындыларын ең аз мөлшерге дейін азайтуға мүмкіндік беретін озық технологиялар бар», деді Президент.

Сондай-ақ осы үздік технологияларды біздің өндірісте міндетті түрде қолдану керегін еске салды.

«Жалпы, Қазақстанға қосымша электр энергиясы қажет екенін айтқым келеді. Бұл – факт. Оған қоса, шарықтау кезінде бізде энергетика тапшылығы сезіледі. Бұған жол беруге болмайды», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.