• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Қазан, 2022

Желден қуат өндіреді

420 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында күн мен желден энергия өндіру кейінгі жылдары басты басымдықтардың біріне айналды. Қазір күннен және желден энергия өндіру мәселесіне өңірдің бірқатар ауданы айрықша назар аударып келеді.

Бір ғана Талас ауданында бүгінгі таңда үш бірдей жел электр стансасының құры­лысы қарқынды түрде жүр­гізіліп жатыр. Аталған нысан­дардың құрылыс жұмыс­тарын «Шеңгелді», «Шеңгелді-2», «Новатэкс» секіл­ді серікте­с­тік­тер сәтімен жүзеге асырып келеді.

Стансалар құрылысы Қызыләуіт ауылдық округінде жүр­­гі­зіліп жатыр. Округте бұ­ған дейін екі бірдей жел электр стансасы салынған. Жал­­пы қуаты 4,5 мегаватқа жетіп жы­ғы­латын алғашқы жел электр стансасының құрылы­сын «Шеңгелді» ЖШС осыдан екі жыл уақыт бұрын қолға алған. Жобаның жалпы құны – 1 млрд 829,1 млн теңге. Нысанның құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында 11 адам жұмыспен қамтылған. Қазірге дейін мұнда үш бірдей қондырғы орнатылды. Алдағы уақытта өзге де жұмыстар атқарылмақ. Мердігер серіктестік стансаның жұмысын жыл соңына дейін аяқтауға ниет білдіріп отыр. Маңызды нысанның құрылыс жұмыстары межелі уақытта аяқталса, жыл соңында іске қосылмақ.

«Новатэкс» ЖШС қолға ал­ған тағы бір нысанның да қуа­ты 4,5 мегаватты құрайды. Бүгінге дейін аталған стан­садағы жұмыстардың бір парасы аяқталуға жақын тұр. Қондырғылар толықтай орнатылып, ішкі жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан дерекке зер салсақ, жел электр стансасын осы жылы толық аяқтау көзделген.

«Шеңгелді-2» ЖШС құры­лысын жүргізіп жатқан стан­сада бірқатар қажетті қондыр­ғылар дер кезінде орнатыл­ған көрінеді. Сондай-ақ жел электр стансасына қажетті құрал-жабдықтар Дания елінен әкелінді. Жобаның құрыл­тайшы директоры Жолдыбек Тұралиев маңызды нысандар уақтылы іске қосылса, жер­гі­лік­ті жұртқа пайдасы мол бо­ла­тынына сенімді.

Талас ауданының кәсіпкер­лік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаровтың айтуынша, 2022 жылы жалпы қуаты 13,5 мегаватты құрайтын үш станса пайдалануға беріледі.

«Біздің ауданда бірнеше жыл­дың бедерінде бой көтерген электр стансаларының аудан эко­номикасын арттыруда маңы­зы зор. Бүгінге дейін жалпы қуа­ты 9 мегаватты құрайтын екі станса іске қосылса, осы жылы пайдалануға берілетін жел электр стансаларының қуаты 13,5 мегаваттқа жетеді. Барлы­ғының қуатын қоса есептесек, 22,5 мегаваттқа жетіп отыр. Бұл ауданымыз үшін жақсы көрсеткіш. Алай­да тоқмейіл­сіп қалмай, осы бағыт­тағы жұ­мыс­тарды одан әрмен қарай жан­дан­дыра түсуге бейілміз», дейді ол.

 

Жамбыл облысы,

Талас ауданы