2014 жылғы 14 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу критерийлерін бекіту туралы
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттарды іріктеу критерийлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі №352 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттарды іріктеу критерийлері
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттарды (бұдан әрі – зат) іріктеу мынадай критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады:
1) зат ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлердегі үй-жайларда діни іс-шараларды өткізу үшін және олардың аумағында қолданылады;
2) зат құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер жасау не ғибадат үйлерін (ғимараттарын) сыртқы, ішкі безендіруге немесе ғибадат үйлерінен тыс жерлердегі үй-жайларда діни іс-шараларды өткізуге арналады;
3) зат діни бірлестіктің тиісті ұстанатын дініне қатысты;
4) затты тиісті діни бірлестік сатып алған;
5) бір заттың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі №352 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесі
КО СЭҚ ТН коды
9403 30 910 0-ден
9403 30 990 0-ден
6304 91 000 0-ден
6304 92 000 0-ден
6304 93 000 0-ден
6304 99 000 0-ден
7114-тен
8306-дан
8306 10 000 0-ден
4420 90 990 0-ден 7114-тен 8306-дан
9403 10 580 0-ден
7114-тен
8306-дан
7114-тен
8306-дан
8306-дан
9403 30 190 0-ден аналой
9401 61 000 0-ден шіркеулік тақ
9701-ден икона (көлемі 50*50 кем емес)
4418 20-дан патшалық және (немесе) диакондық қақпа
7114-тен кадило, кадильница, ладанка
8306-дан
*Ескертпе: діни мақсаттағы заттар «Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы мен Кеден одағының Бірыңғай кеден тарифін бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне сәйкес СЭҚ ТН кодымен және тауар атауымен анықталады.