• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 06 Қазан, 2022

Сарыағаш стансасында есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

194 рет
көрсетілді

Өзбекстандық пойыз жолсерігі Қазақстан арқылы есірткі тасымалдады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Көліктегі Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тамыз айында Сарыағаш стансасында (Түркістан облысы) Ташкент-Самара бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде есірткі іздеуге үйретілген ит 26 жастағы пойыз жолсерігін нұсқаған. Күдікті Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты», деді Көліктегі полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбет.

Жолсеріктің айтуынша, ол марихуананы Ташкенттен тауып алып, жеке пайдалануы үшін аяқ киімінің астына жасырып қойған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігі (Контрабанда//Айналымнан шығарылған немесе айналымы шектелген заттарды заңсыз алып өту) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ер адамға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Жансая ӘНУАР