Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий теңізінің жағдайы жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, қазір Каспий теңізіндегі жағдай тұрақты.
«Алайда, біз соңғы 10 жылда Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендегенін байқадық. Енді бұл Қазақстанның проблемасы ғана емес, шекаралас елдердің ортақ проблемасы. Бұл мәселені шешу үшін қандай шара қабылдауға болатынын ойластырамыз. Қазір су деңгейі тұрақты», деді министр.