7 қазан Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан сайысқа түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Татами төріне ерлерден 66 келі салмақтағы Ғұсман Қырғызбаев шығады. Ал әйелдерден 52 келі салмақ дәрежесіндегі Гауһар Ирмағамбетова сынға түседі.
Айта кетейік, дүбірлі дода 6-13 қазан аралығында өтеді.