• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Қазан, 2022

Шу тұрғынынан 38 келі есірткі тәркіленді

267 рет
көрсетілді

Шу ауданының аумағындағы «Шу-Меркі» тас жолынан 20 шақырым жердегі құмға аймақта 50 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 38 келіден асатын «каннабис өсімдігі» табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторында отыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады», деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.