• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қазан, 2022

Қытай ғарышқа екі жер серігін жіберді

252 рет
көрсетілді

Бүгін Қытай Сары теңіздегі ұшыру платформасынан екі эксперименттік спутникті сәтті ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Leo спутниктік навигацияны күшейту жүйесімен жабдықталған centispace-S5/S6 эксперименттік спутниктері Чанчжэн-11 зымыран тасығышының көмегімен Пекин уақыты бойынша 21:10-да ұшырылды. Кейіннен олар белгіленген орбитаға сәтті шыққаны туралы хабарланды.

Спутниктер нақты уақыт режимінде ғаламдық навигациялық спутниктік жүйенің жағдайын бақылау үшін қолданылады. Сонымен қатар олар навигациялық инфрақұрылым сигналының дәлдігін арттыру мүмкіндігін тексеріп, спутниктер арасында лазерлік байланыс сынақтарын жүргізеді.