• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қазан, 2022

Ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді - ДСМ

367 рет
көрсетілді

Қазақстандағы ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарына қарағанда тұрақты түрде жоғары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Министр бүгінде ауылда 7,8 миллион адам тұратынын, бұл ел халқының 41 пайызын құрайтынын атап өтті. Статистикаға сүйенсек, ауыл тұрғындарының 38 пайызы балалар, 62 пайызы ересектер.

«Халықтың денсаулық көрсеткіштерін талдау ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарына қарағанда тұрақты жоғары екенін көрсетеді», деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда биыл жалпы өлім көрсеткіші 14 пайызға төмендеген.

«Елде ауылдық медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы дамыған. Бес мыңнан астам медициналық ұйым ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Оның ішінде екі мыңнан астам медициналық пункт, 800 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 мыңнан астам дәрігерлік амбулатория, 200-ден астам емхана және 203 аурухана бар», деп қосты Ажар Ғиният.